Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
"АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ" ЖМ
Ресми сайты
;
Жаңалықтар Барлық жаңалықтар
18-09-2025
Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті
17-09-2025
АСТАНАДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ
16-09-2025
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛ-АЗҺАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
02-09-2025
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ БОЛДЫ
01-09-2025
БАС МҮФТИ ШӘКІРТТЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20-08-2025
АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қош келдіңіздер!
Еңселі Елордадағы «Астана медресе» колледжі 2007 жылы ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оқу орнына сәттілік тілей отырып: «Біз өз мамандарымызды өз елімізде оқытуымыз қажет. Оған толықтай мүмкіндік бар. Әрбіріміз елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту жолында аянбай еңбек етуге тиістіміз. Бұған сіздердің қосар үлестеріңіз салмақты», - деген еді.


 
Медресе – Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар оқу орны екендігі белгілі. Сондықтан, оқу орнымыз Алаш қайраткерлері медресе қабырғасында оқыған мәдени білімді және ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуды көздейді.  
Қазіргі таңда «Астана медресе» колледжінің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жүзеге асырылады.  

Материалдық – техникалық базасы.
Жалпы алаңы 2546,2 шаршы метр, 4 қабат. 
➢ 0 - қабат : кітапхана, жаттығу залы, медициналық пункт. 
➢ 1 - қабат: 120 орындық асхана мен конференц -  зал орналасқан.
 ➢ 2 – қабат: мұғалімдер бөлмесі, әдістемелік кабинет және оқу сыныптары орналасқан. 
➢ 3 – қабат: 120 орынға арналған, 22 жатын бөлмелері орналасқан.

➢ «Астана медресе» колледжінде 23 білікті маман дәріс береді. Атап айтар болсақ, ғылым докторы -1, доктор Ph - 2, магистр дәрежесі -7, магистрант - 1, «Қазақстан Республикасы Білім саласының Құрметті қызметкері -1», Жоғары категориялы ұстаз -1 «Нұр Мүбарак» университеті, Евразия Ұлттық университеті, «Имам әл-Бұхарий» Ташкент Ислам институты, Мысыр мемлекеті, Каир қаласы «Әл-Әзхар» университеті, Түркия мемлекеті, Кайсери қаласы, «Хасеки» академиясы, Катар мемлекеті, Доха қаласындағы «Хамад бин Халифа» университеті, Малайзия мемлекеті «Султан Зайнул Абидин» университетінде, Алматы қаласындағы Спорт және Туризм академиясы бакалавр дәрежесінде білім алған ұстаздар - 10.
➢ «Астана медресе» колледжінің студенттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы өтетін Республикалық олимпиадалар мен медресеаралық жарыстарда топ жарып алдыңғы қатарда келеді.

➢ Оқу орын бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

➢ Медресе бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы;
➢  Мемлекеттік мекемелерде, Теология мамандығы бойынша жұмыс жасай алады
 ➢ Техникалық және Кәсіптік білім беру  орындарында  (Медресе колледждерде ұстаздық қызмет) ете алады.
➢ Діни орталықта  арнайы маман  қызметін атқара алады.

Медресе шәкірттері үшін; 
➢ Грант бөлініп, шәкіртақы тағайындалады
➢ Жайлы жатақхана мен 3 мезгіл ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі


«Астана медресе» колледжі, Нұрсұлтан қаласы,
Алматы ауданы, Қобыланды батыр 3 те  орналасқан.

Байланыс телефондары:

Ұлдар бөлімі: 8 (702) 303-81-82 

Қыздар бөлімі: 8 (747) 180-95-69

 
 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ
Бас Мүфти
Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы
Білім басқармасының басшысы
Оңғарбаев Қанат Қалымбетұлы
Директор
8 (7172) 76-89-67
Астана қаласы, Алматы ауданы, Қобыланды батыр көшесі 3
© 2025 Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы "АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ" ЖМ